Жаңалықтар тізбегі
0

Франциядағы қазақ әншісі карантин кезінде кәсібін өзгертіп, табысқа кеңелді

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 21:34 24.kz
Жақында ол өзі тұратын ауылдың тұңғыш рет әкімшілік ауласында шағын жәрмеңке ұйымдастырды. Көп ұзамай оған Францияның ең атақты сән үйінен жұмысқа шақыру ұсынысы түсті.

Атырауда туып, Францияда тұрып жатқан Әмина Құдабаева еуропалық елде өз кәсібін ашты, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Ол бұрын ән салумен айналысқан еді, бірақ коронавирус келгелі ойын-сауық ешкімге керек болмай қалды. Содан Әмина былғары кәсібін игеріп, жеке шеберханасын ашып алды. Қазір шеберді әлемге танымал сән үйі жұмысқа шақырып отыр. Биылғы жылдың басында Әмина Құдабаева өмірі де, кәсібі де түбегейлі өзгеретінін мүлде білмеді. Наурызда ол джаз-топпен концерттік бағдарламасын пысықтап жатқан еді. Бірақ аяқ астынан індет келді де, карантинге тап болды. Содан бері бірнеше кәсіптің басын шалды. Тәтті пісіріп, сабын жасап, тіпті спорт саласын да көрді. Ақыры былғары ісіне тоқтады. Індет кезінде жаңа кәсіпті интернет арқылы игеруге тура келді.

Әмина Құдабаева, шеберхана иесі:

– Тамыздың басында 2 апта бойы орыс шеберлерінің, сосын тағы бір апта француздардың видеосын қарадым. Ең алдымен қандай құралдар қажет екенін білуім керек болды. Француз тілінде ақпарат өте аз екен. Қазір барлық құрал қолымда бар. Біраз нәрсені жасай аламын. Тек күрделі заттарға жоламаймын.

Әминаның жұмысы қауырт, күніне 8-9 сағатын шеберханада өткізеді. Былғарыны бояудан бастап, ілгек тағуға дейінгі істің бәрін қолымен жасайды. Францияда мұндай еңбекті өте жоғары бағалайды. Әмина әмияндар, чектерге арналған қаптар, шарап салатын және қыз-келіншектерге арналған сөмкелерді онлайн сатады. Жақында ол өзі тұратын ауылдың тұңғыш рет әкімшілік ауласында шағын жәрмеңке ұйымдастырды. Көп ұзамай оған Францияның ең атақты сән үйінен жұмысқа шақыру ұсынысы түсті. Ол жер – әр былғары шеберінің арманы.

Әмина Құдабаева, шеберхана иесі:

– Әлбетте, Hermes үшін сөмке жасасам, онда "мұны Әмина Құдабаева жасаған деген жазу тұрса" және бұған қоса, оны біреуге алып барсам керемет қой, бұл үлкен мақтаныш болады. Сөмкелерін сатып алған адамға шеберлер өздері апаратын дәстүр бар. Біреуге өз қолыңнан шыққан үздік туындыңды табыстау және оның көңілінен шығу – арманның биік шыңы деп білемін. Неге осыны жасамасқа?

Әмина бұл кәсіпті өмірінің мәніне, ал ән айтуды хоббиіне айналдырды. Тіпті ол шеберханасына "Ақ йол", яғни "Ақ жол" деген атау берді. Бұл оның қазақ-ноғайдан тараған тегін білдіреді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: