Жаңалықтар тізбегі
0

"Жылдың ең үздік мұғалімі" мен "Жылдың ең үздік студенті" анықталды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2020 19:50 видеодан алынды
Шара "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Білім өркениеті" ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Елімізде мәдениет саласы бойынша жылдың үздік жастары мен ұстаздары марапатталды. Сонымен қатар, талай жыл елге еңбегі сіңген мамандарға "Қазақстанның Құрметті Педагогы" төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Шара "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Білім өркениеті" ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Тәуелсіздік күніне орай мәдениет саласына жаңа леп әкелген жастар мен елеулі еңбек еткен ұстаздар марапатталды. Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген байқауларда "Жылдың үздік ұстазы", "Үздік жас маман", "Жылдың үздік студенті" анықталған.

Сондай-ақ, "Қазақстанның Құрметті Педагогтары" іріктеліп, еліміз бойынша бұл төсбелгіге 13 адам лайық деп танылған. Жалпы бұл марапатқа 80-ге жуық ұстаз ұсынылған.

"Көп жылдардан бері еңбек етіп жүрміз. Соны елеп, осы мына марапаттарыңызды бүгін ұсынып марапаттап жатқанына мың да бір алғыс білдіреміз. Көп рахмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", – деді "Қазақстанның құрметті педагогы" марапатының иегері Ғалия Тоқсанбаева.

Мұндай шаралар ұстаздар арасына тығыз байланыс орнатып, педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейтуге арналған. Ал "Үздік жас маман" байқауына 200-ге жуық адам қатысуға ниет білдірген. Оның ішінен тек жүзден жүйрік 20 шақты маман іріктеліпті.

"Бұл марапат мен үшін үлкен сый болды. Шынымды айтайын, күткен жоқпын. Сіз бірінші орынға ие болдыңыз дегенде үлкен қуаныш болды. Өзімнің концерттік шараларға қатысып, осындай еңбек еткенімізді көрсетіп соның арқасында осындай марапатқа ие болып отырмыз", – деді "Үздік жас маман - 2020" марапатының иегері Назымбек Мұсылманов.

"Жылдың үздік студенті" сайысына 500-ге жуық студент қатысып, бұл аталымға 20 азамат лайық деп танылған.

"Шынымды айтатын болсам, күтпедім. Қуаныштымын. Барлық ұстаздарыма рахмет білім берген. Және мен бұнымен тоқтамаймын", – деді "Жылдың үздік студенті" байқауының бірінші дәрежелі жеңімпазы Болат Садраддин.

Жеңімпаздарға арнайы төсбелгілер, педагогтардың өмірбаяны енгізілген кітап жинағы, куәлік пен дипломдар тапсырылды. Сондай-ақ шара барысында "Білім өркениеті" ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының "Үздік студенттер академиясы" қатарына студенттер қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: