Жаңалықтар тізбегі
0

Жазушылар одағы ғимаратының қайта жөндеу жұмыстары аяқталды

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 19:40 Баспасөз қызметі
Классицизм стилінде бой көтерген ғимарат пен оның интерьерінің сәулеттік келбетін сақтап қалу қажеттігіне баса назар аудардым - әкім.

Ширек ғасырға жуық уақыт жөндеу көрмеген Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты қайта қалпына келтірілді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев кезекті жұмыс сапарында аталған нысанды аралады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы қала басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 19:40

Жұмыс сапары кезінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Жазушылар үйіндегі жұмысты тексеріп қайттым. 1955 жылы салынған ғимаратқа көптен бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бұл туралы жазушылар қауымдастығымен өткен жылы болған кездесуде айтылды. Сол жылы Жазушылар үйін ретке келтіру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде шатыр, электрмен жабдықтау және жылыту жүйелері ауыстырылып, ішкі әрлеу жаңартылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 19:40

Классицизм стилінде бой көтерген ғимарат пен оның интерьерінің сәулеттік келбетін сақтап қалу қажеттігіне баса назар аудардым. Бұл әдебиет ғибадатханасында бір кездері еңбек еткен Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменов сынды ұлылардың атмосферасын сақтап қалу үшін қажет еді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 19:40

Ақын-жазушыларды қолдау үшін Жазушылар Одағының ұсынуымен авторлардың 30 кітабын шығаруға қаражат бөлінді. Кітап қаладағы және мектеп кітапханаларының қорын толықтырады. Мұндай қолдау келесі жылы да жалғасын табады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 19:40

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 19:40

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 19:40

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: