Боттичелли салған сурет 92 миллион долларға сатылды

AFP, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 22:22 AFP
Суретті сатып алушының есімі жарияланбады.

Өркендеу дәуірінде өмір сүрген флоренциялық суретші Сандро Боттичеллидің "Медаль ұстаған жас жігіт" суреті Нью-Йорктегі Sothebys аукционында 92 миллион 200 мың долларға сатылды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Осылайша бұл сурет Боттичеллидің ең қымбатқа бағаланған шығармасына айналды. 2013 жылы оның "Бала ұстаған мадонна және жас Иоанн" суреті 10,4 миллион долларға сатылған.

Аукцион үйінің хабарлауынша, "Медаль ұстаған жас жігіт" шебердің саудаға шығарылған үздік туындыларының бірі. Суретті сатып алушының есімі жарияланбады.

Портрет 1470-1480 жылдары салынған. XVIII жылы бұл суретті Уэльстегі Ньюборо ақсүйек отбасы алған. 1982 жылы осы суретке америкалық деволопер Шелдон Солоу 1,3 млн доллар төлеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: