200 мың долларға киінген. Алматы облысында ерекше ұрылар ұсталды
Алматы облысындағы тас жолда автокөлікке тұтқылдан шабуыл жасалып, тоналды, деп хабарлайды zakon.kz.
8 желтоқсанда Жамбыл облысының 47 жастағы тұрғыны өзіне жасалған қарақшылық шабуыл туралы полицияға шағым түсірді.
Жәбірленушінің айтуынша, ол досымен көлікке отырып, Алматы-Бішкек тас жолымен келе жатқан, онда да екеуі достарының қомақты ақшасын жеткізіп бермекші болған.
Самсы ауылының шетіне ілінгенде жәбірленушінің көлігін Nissan Cefiro көлігі келіп соғады. Осыдан кейін бетіне медициналық бетперде таққан үш ер адам жәбірленушіні пышақпен қорқытып, оның көлігін мініп кетеді, ал көлікте үлкен сомадағы ақша болған. Тонау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлікті де басбұзарлар Самсы ауылында тастап кеткен, - деді Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.
Полиция қызметкерлері түрлі нұсқа мен күдіктілер тобын зерттеп, қылмыстық топтың ізіне түсті: 27, 31 және 37 жастағы Алматы қаласының тұрғындарының.
17 желтоқсанда Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерінің қатысуымен арнайы операция кезінде күдіктілерді ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында алынған бұлтартпас дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін олардың барлығы ерекше ауыр қылмыс жасағанын мойындады.
Тергеу барысында ұсталғандар элиталық дүкендерден қымбат киім мен аяқ киім сатып алуға 200 мың долларды жұмсағандығы анықталды. Сонымен қатар, олар ұрланған ақшаны екі Lada Priora және Land Cruiser 200 автокөліктерін сатып алуға жұмсаған, олар сот тәркілеу санкциясын шығарған соң арнайы автотұраққа орналастырылды. Барлық күдіктілер алдын-алу шарасы ретінде қамауға алынды. Айта кету керек, ұсталғандардың бірін ұрлық жасағаны үшін 2016 жылдың шілдесінен бері ШҚО полициясының іздеуінде болған, - дейді Асхат Данияр.