Жаңалықтар тізбегі
0

Ардақты ұстаз, белгілі ғалым Ербол Іргебай дүниеден озды

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2021 23:59 Facebook
Қаралы хабарды марқұмның достары мен әріптестері желіде бөлісті.

Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайының бұрынғы директоры, ардақты ұстаз, қайымтанушы, абайтанушы Ербол Іргебай дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабарды марқұмның достары мен әріптестері желіде бөлісті.

"Тағы бір ардақты қазақ өтті өмірден! Астанаға алғаш келген кезімде №40 мектепке бір кездесуге барып сонда танысып едім. Мектеп қызметкерлерінің есім-сойындағы "ов","ова" дегендердің бәрін алғызып "ұлы", "қызы" дегенге ауыстыртыпты. Біраз жүгірім мектепке Әлкей Марғұланның атын алып беріпті. Орысша сөйлеп, суық қарап, сүркей тартқан астанадан жаныма жылы шуақ берген адамдардың бірі еді. Қай жерге барса да қазақы болмыс-бітімін сол жерге көшіре баратын өте ұлтшыл ер еді. Алаш арыстарының аманатшыл ізі еді. Сырқат күйіне қарамай тағы бір мектепке Қайым Мұхамедханның атын алып беріпті. Оқушылар сарайына қазақы қан жүгіртіп еді, оған Әл-Фарабидің атын әперген осы кісі еді.Жарықтық-ай, керілген киіктей сұлу да, қысқа ғұмырың біздерді ойландырып, опындырып кетті.Жайыңыз Жәннатта болғай. Ербол Іргебай аға тірі жүргенде әйтеуір бір жерде қазаққа пайдалы бір іс істеліп жатқандай сезіліп тұрушы еді. Амал жоқ", деп жазды Ұларбек Нұрғалымұлы.

Ербол Іргебай Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумасы. Білімді ұстаз, ұлт жанашыры, 30 жылдан астам уақыт бойы шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық еткен. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының № 90 мектеп-гимназиясының директоры қызметтерін атқарған және Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағының 10-томдығын құрастырған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: