Адуынды айтыскер ақын өзін "Нұрбот" дегендерге жауап берді
ВК
Ол биыл Мәжіліске депутат болғысы келген. Бірақ жолы болмай қалыпты.
Айтыстың ақтаңгер ақыны Айбек Қалиев "Нұр Отан" партиясына не үшін мүшелікке өткенін, бұл жолы праймеризге неге қосылғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ақын Youtube-дегі Нартай Аралбайұлына берген сұқбатында айтты.
"Партияға мүшелікке өтпес бұрын әбден ойландым. Қаншама жыл шындықты шырылдатып айтып келеміз, бірақ одан керемет нәтиже жоқ. Ал біздегі аты бар, заты жоқ партиялар тек сайлау алдында ғана пайда болады. Сондықтан оларға да сенім жоқ. Ел ақсақалдары осы билік партиясынан депутаттыққа түсіп көрсең қайтеді, біз қолдау жасаймыз деп қолпаштады. Оның үстіне Жүрсін ағам өтініш жасады. Берік Уәли ол кезде "Нұр Отанда" жұмыс істеп жүрген. Ол да звандады. Содан: "Расында, "Нұр Отанды" пайдаланып, елге қызмет жасап көрсем қайтеді" деген ой келді. Осылайша 2016 жылы кірдім партияға. Мәслихат депутаттығына түстік. Депутат болып жүріп, бүкіл қазақтың мәселесін шешіп тастамасам да өз округімдегі сайлаушылардың біразының мәселесін еңсеруге септігім тиді деп айта аламын. Берік Әбдіғали ағамның: "Қанша жерден анау-мынау дегенімен, осы "Нұр Отан" құрамында үн-түн демей ұлтқа қызмет етіп жүрген адал адамдар бар" , - деп айтқаны бар еді. Мен сонымен қосыламын", - дейді Айбек Қали.
Ол биыл Мәжіліске депутат болғысы келген. Бірақ жолы болмай қалыпты.
"Биыл праймеризден облыстық деңгейден өтпей қалдым. Себебі мен түскен өңір Қостанай облысы ғой. Өзге ұлт өкілдері маған дауыс беруді жөн деп таппаған секілді. Негізі, содан өтсем Мәжіліске барам ба деген ой болған. Қостанайдан 4 депутат өтті праймеризде, оның екеуі Мәжіліске барды. Ал бұл жолы сайлауға түсу себебім, ұлт қамын ойлайтын бір топ адам Мәжіліске кандидатурасын ұсынды. Солармен бірге өтсек, сөйтіп ұлт үшін қызмет жасасақ па деген ой болған еді", - дейді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript