Михаил Боярский ауруханаға түсті

Александр Демьянчук / ТАСС, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 22:42 Александр Демьянчук / ТАСС
Боярскийдің 10 күн бұрын коронавирусқа қарсы вакцина салдыртқаны айтылады.

РСФСР халық әртісі Михаил Боярский ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Телеграммдағы Mash арнасы хабарлады.

71 жастағы Михаил Боярский No122 ауруханаға келіп түсті. Әзірге, диагнозы белгісіз, бірақ ковид расталмады, деп жазады басылым.

Сонымен бірге, Боярскийдің 10 күн бұрын коронавирусқа қарсы вакцина салдыртқаны айтылады.

Шамасы, тамырлары реакция берген. Мүмкін үйге босататын шығар, дәрігерлердің шешімін күтіп отырмыз, - деді артисттің әйелі Лариса Луппиан.

Сондай-ақ, Боярский ес-түсін біледі, ол телефон арқылы өзін қазір жақсы сезінетінін айтқаны туралы да хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: