Жаңалықтар тізбегі
0

Бірнеше қалада Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнату ұсынылды

Казинформ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2021 19:18 Казинформ
Осындай ұсынысты қарастыратын арнайы құжатты бір топ сенатор Үкімет басшысына жолдады.

18 ақпанда Сенатта өткен отырыста Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Онда Алаш қайраткерінің мерейтойын лайықты деңгейде атап өтуге дайындық жүргізу қажеттігі туралы айтылған.

Сауалды "Ұлттық құндылықтарды сақтау және нығайту – тәуелсіз мемлекеттің жарқын болашағы" тақырыбы бойынша өтетін Парламенттік тыңдауға дайындық аясында Нұрлан Әбдіров, Алтынбек Нұхұлы және басқа да бірқатар сенаторлар дайындады.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде 2022 жылы 5 қыркүйекте атап өту үшін үкімет арнайы хат дайындап, тиісті органдарға жіберуі керек. Сондай-ақ, рухани көсемнің жеке басын ашу үшін Рухани Жаңғыр бағдарламасына сәйкес, ұлттық модернизациялау аясында елорда көшелерінде Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнату қажет. Мұндай ескерткіштер ол қызмет еткен Қызылорда, Семей, Алматы қалаларында бой көтерсе деп ойлаймыз. Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімдігіне қазіргі Ахмет Байтұрсынов атындағы ауылға баратын жолды жөндеуге, сондай-ақ қлы ойшылдың әкесі Байтұрсын мен ағасы Қали жерленген қабірге кесене тұрғызуға, мұражай үйге жөндеу жүргізуге нақты тапсырмалар беру керек, - деді Алтынбек Нұқұлы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: