Жаңалықтар тізбегі
0

Көшербаев Жамбылдың 175 жылдығын тойлаудың дайындық барысымен танысты

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2021 23:59 Ақорда
Сапар барысында Мемлекеттік хатшы Қарасай және Жамбыл аудандарындағы бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының Алматы облысында жүзеге асырылуы және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық барысымен танысты.

Сапар барысында Мемлекеттік хатшы Қарасай және Жамбыл аудандарындағы бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады. Атап айтсақ, Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының "Атамекен" тарихи-мәдени орталығындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіздік алуындағы және қалыптасуындағы тарихи рөлін айшықтайтын музейлік экспозициялармен танысты.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша "Туған жер" жобасының аясында бой көтерген «Үшқоңыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.

Сонымен қатар Қырымбек Көшербаев Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіне барып, Жамбыл мен оның өнердегі пірі Сүйінбай Аронұлының, композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің зираттарына гүл шоқтарын қойды, мәдениет саласының өкілдерімен кездесті. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов ұлы жыраудың 175 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар жоспарын таныстырды.

Мерейтойлық іс-шаралар жоспарында Жамбыл туралы өмірбаяндық фильмнің түсірілімі, ақын туралы кітаптар шығару, ақындар айтысын ұйымдастыру, мәдени ескерткіштер орнату, суретшілердің халықаралық плэнерін өткізу және т.б. шаралар қарастырылған. Көрнекті тұлғалардың асыл мұраларын насихаттау рухани жаңғыруға, әсіресе, жастардың рухани өсуіне зор ықпал ететіні айрықша атап өтілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: