Елбасы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президентін қабылдады
Елбасы сайты
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласын дамытуға ерекше назар аударып келе жатқанын баса айтты.
Елбасы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфилмь" АҚ президенті Ақан Сатаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласын дамытуға ерекше назар аударып келе жатқанын баса айтты.
Кино индустрия саласында үлкен тәжірибеңіз бар, жұртқа танымал адамсыз, түскен фильмдеріңіз де түрлі кинофестивальдерге қатысқан. "Анаға апарар жол", "Томирис" және басқа да туындыларыңызды көрермендер жылы қабыл алды. Қазір сізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы жұмысыңызға сәттілік тілеймін, - деді Елбасы.
Әңгіме барысында Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер шығару жоспарлары мен ұлттық кинематографияның сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript