Жаңалықтар тізбегі
0

Мен бір жұлдыз боп, байып кетейін деген жоқпын – Тоқтар Серіков

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2021 21:05 видеодан кадр
Балаларым көріп қоймасын деп, тығылып жылаймын.

2014 жылы ұзақ уақыт ауырып, дүние салған әкесіне деген сағынышымен әнші Тоқтар Серіков өзінің "Ең алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кішкентайынан Тоқтарды өнерге баулып, қасынан тастамай алып жүрген, өмірлік ұстаз болған асқар тауынан айрылу өнер иесіне оңай соқпаған.

Әкемнің қазасы – өмірімдегі ең үлкен өкініш. Мектептке оқитын кішкентай кезім. Көрпенің астына кіріп кетіп жылайтынмын. Сонда осы күнді ойлайтынмын. Түбі мен әкем мен шешемнен айрылып қалам ғой деп ойлайтынмын. Сол өкініш кішкентай кезімде көкейімде тұратын. Сол кезде "Алла Тағала, менің әке-шешеме тиіспей-ақ қойшы" деп жалынатынмын. Ең үлкен қасірет – жақыныңнан айрылу, деп көзінің жасын сығып алды.

"Әкемнің үйге соңғы киіп келген тоны бар. Басқа киімдерін жібердік. Тонын ешкім сұрамаса екен деп, тығып қойғам. Әлі күнге дейін әкемнің иісі бар. Кейде тоңам. Сағыныштан тоңам. Кәдімгідей іздеп, қалтыраймын. Сол кезде әкемнің тонын кием де, бөлмеге кіріп алып жатам. Балаларым көріп қоймасын деп, тығылып жылаймын. Адам баласының ішінде ешкім біле бермейтін дүниелер бар. Соның бірі осы – әкеме деген сағыныш", - деп жан сырын ақтарды Тоқтар Серіков.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: