Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқтар Серіков: Тоқал аламын дегенімде Бейбіт еңіреп жылап жіберді

juldyz.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2018 23:49 juldyz.kz
Алайда санаға бұрыс ой келген кезде әншіні тоқтатын дүние – үш бірдей атұстары екен.

Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуалиеваға адал екенін жиі айтады. Бүгінде үш ұл тәрбиелеп отырған әнші ұрпағының алдында атын кірлеткісі келмейді екен. Сондықтан да, өзге әйелдерге көз салмаймын, көз салған күннің өзінде “қол салмаймын”, дейді Серіков. Десе де, тоқал алу туралы ой бір кездері Серіковті мазалаған, – деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Жасыратыны жоқ, біз ер адамбыз. Қызықпайды емес, әдемі әйелге, сұлу қызға қызығамыз. Оған қарамау мүмкін емес, табиғаттың заңдылығы. Бірақ қолды алға шығармау керек. Мысалы, менде бөгде әйелді құшақтағым келмейді деген қатып қалған қағида бар. Құшақтамайтын себебім, мен балаларымның алдында әкелік иісімді бұзғым келмейді. Себебі бұлар мені шыққанда құшақтап шығарып салады, кіргенде құшақтап қарсы алады. Мен неге бөтен иіспен келуім керек?! Неге мен жаман иіспен келуім керек? Сондықтан да мен балаларымның алдында тап-таза жүргім келеді”, – деді Тоқтар “Қазақстан” арнасының “Сенбілік таң” бағдарламасында ағынан жарылып.

Бұл орайда Бейбіт Тоқтардай азаматты кездестіргеніне дән риза. Өзгелер нәпсісін тыя алмаған кезде, азаматының өз ар-ұжданы алдында есеп беріп отыратыны Бейбіт үшін таптырмас бақытпен тең.

“Не нәрсе болса да адамның санасына берсін дейді ғой. Қазіргі заманда ала салу, үйлене салу, ажыраса салу оңай болып кетті. Нәпсісін тыя алмай жатқан азаматтар бар. Оған анау себеп, мынау себеп деп сылтауратады. Кезінде үлкен аталарымыз екі әйел алған. Әртүрлі себептермен, бала таппаса, ұрпақ сүйе алмаса не болмаса жесір әйелді алған”, – деп түсіндірді ол.

Бұл орайда Серіков бір кездері екінші әйел алу туралы ойлағанын жасырмайды. Алайда санаға бұрыс ой келген кезде әншіні тоқтатын дүние – үш бірдей атұстары екен.

“Менің мысалы, шын мәнінде екі әйелім бар деп есептеңіз. Екі отбасында да балам бар. Мысалы, кейде ойлаймын, бір қалада екі отбасым бар. Біреуімен ұйықтап жатқанда, екінші отбасымдағы балам ауырап қалды, түнде мені іздеді. Әке болып дер кезінде қасынан табылмасам, онда менің әкелік не қасиетім бар? Жасыратыны жоқ, Бейбіттің өзіне де “екінші әйел алсам қалай болады?” деп айтқанмын. Бейбіт бір еңіреп жылап алды. Бірақ дей тұрғанмен, ондай ойдан аулақ екенімді бүкіл елдің көзінше айта аламын. Үш ұлым бар. Үш ұлымды ер жеткізсем, қасыма мінгестіріп жүрсем деген арманым бар”, – дейді Серіков.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: