Алматыда "Желтоқсан-86" саябағы пайда болады
2gis
Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарасты "Жас қанат" ықшам ауданындағы атауы жоқ саябаққа "Желтоқан-86" атауын беру керек, делінген құжатта.
Алматы әкімдігі мәслихатпен бірлесе отырып, Түрксіб ауданының "Жас қанат" ықшам ауданындағы саябаққа атау беру туралы қаулы мен шешім жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарасты "Жас қанат" ықшам ауданындағы атауы жоқ саябаққа "Желтоқан-86" атауын беру керек, делінген құжатта.
Түрксіб ауданының әкіміне, Алматы қаласының Стратегия және бюджеттік басқармасы, Алматы қалалық мобильділігі басқармасы, Алматы қала жоспары және урбанистика басқармасы, Алматы қаласының жасыл экономика басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бірлескен қарарды жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдау туралы тапсырма берілді.
Құжат 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript