Ақын Жәркен Бөдешұлы дүниеден озды
Ашық дерекөздерден алынды
Сондай-ақ Жәркен Бөдешұлымен қоштасу жиыны ертең 23 сәуір күні, сағ. 10:00-де Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданында, өзі тұрған үйінің алдында өтетіні ескерілді.
Танымал ақын, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдешұлы дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қаралы хабар Ақберен Елгезектің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
"Қазақ әдебиеті мен руханияты тағы да қара жамылды. Сұм ажал арамыздан ғаламат ойшыл-ақын, періштедей ақ көңіл адам Жәркен Бөдешұлын алып кетті. Барша қазаққа қайғыра көңіл айтамын. Жәркен ағамыздың рухы бейіштің төрінде шалқысын. Алла алдынан жарылқасын", делінген жазбада.
Сондай-ақ Жәркен Бөдешұлымен қоштасу жиыны ертең 23 сәуір күні, сағ. 10:00-де Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданында, өзі тұрған үйінің алдында өтетіні ескерілді.
"Қалыптасып отырған эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға баршаңызды шақырамын", - дейді Ақберен Елгезек.
Айта кетсек, әр алуан басылымдарда елге кеңінен танымал болған ақынның "Аңырақай бекетіндегі ой", "Қарауыл төбе", "Генерал Жаһар Дудаев", "От пен су", "Тас бесік", "Бостандықтың басы", "Шер", "Жалғыз" атты дастандары жарияланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript