Алғашқы да соңғы жарым Қарақат – қартая бастаған Қыдырәлі Болманов
видеодан кадр
Некеден тыс балам жоқ!
"Құрмет" орденінің иегері танымал продюсер, Қыдырәлі Болманов кімді өкпелетіп, өзі кімге ренжіді? "Ең алғашқы" бағдарламасының кезекті қонағы болған кәсіпкер балалық шағындағы сырларымен бөлісіп, алғашқы некесі туралы айтты.
Бала күнімде, таңғы сағат 8-де үйдегілерге шай беріп, одан кейін үйдің ішін айнадай етіп жуып шығу менің мойнымда еді. Отын жару, ағаш аралау, су тасу деген кәдімгі күнделікті тіршілік еді ғой. Жалпы епті бала болатынмын, деп балалығын есіне алған әнші продюсерлік қызметіндегі сәтті және сәтсіз жобалары туралы да айтып берді.
Жалпы менің жасаған жобаларымның барлығы да сәтті деп айтар едім. Өйткені менде домбыраны стадионға алып шықсам деген ұлы арман болды. Мен оған "Ұлытау" тобы арқылы жеттім. Продюсерлік еткен көп жұлдыздарымның ішінде Нұржан Қалжан мен "Гүлдер" ансамблімен ойдағыдай жұмыс жасалмады, деді Қыдырәлі Болманов.
Елде тарап кеткен "Қыдырәлі Болмановтың бірінші жарынан бала-шағасы бар" деген әңгіменің де нүктесін қойды.
Менің Алла алдында некелеп алған алғашқы жарым – Қарақат. Әрине, жас кезімде, әсіресе танымал бола бастаған шақта, маған құда түскен қыздар көп болды. Тіпті қыздардың ата-аналары арнайы келіп өтініш білдіретін. Менің қызымды ал деп. Балалықпен жатақханада бірге тұрған қызды жарым деп айта алмаймын. Мен оған үйленген жоқпын. Жатақханада кешке қарай менің бөлмеме қыздар көп келетін еді. Сондай қыздардың бірі өзіне үйретіп алды. Өзіне баурап алды да, біз біраз бірге тұрған жайымыз бар. Менде ол қызға деген махаббат болған жоқ, деген кәсіпкер өзінің алғашқы да соңғы жары Қарақат екенін баса айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript