Елбасы Аманжол Қошановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

kazgazeta.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2021 01:20 kazgazeta.kz
Елбасы Аманжол Қошановтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі Аманжол Қошановтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Аманжол Қошанұлы саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, отандық экономика теориясы саласын дамытуға қомақты үлес қосқан тұғырлы тұлға болатын. Ол еліміздің экономикалық мүдделері жүйесін жасау, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты көптеген маңызды мәселелер бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, мемлекеттік ғылыми бағдарламалар жасауға атсалысты. Экономикалық теория бойынша өзіндік мектебін қалыптастырды", делінген Елбасы сайтында жраияланған жеделхатта.

Елбасы Аманжол Қошановтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: