Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Димаштың туған күніне орай "Өмір ағашы" стенді ашылды

Алматы ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2021 20:57 Алматы ТВ
Алматыдағы саябаққа 130-дан астам ағашты Димаштың фан-клубтың мүшелері сыйлады.

24 мамыр – қазақ халқының мақтанышы Димаш Құдайбергеннің туған күні. Елдің шоқ жұлдызына айналған тума талант биыл 27 жасқа толады. Осы мерекеге орай бүгін қаладағы жас әншінің фан-клуб мүшелері Алатау ауданында "Өмір ағашы" стендін ашты. Игі бастама аясында саябаққа 130-дан астам ағаш отырғызды, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Осылайша табиғат жанашырлары қаланы абаттандыруда өз үлестерін қосты. Көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруды алдағы күндері де дәстүрге айналдырмақшы.

Бүгін міне саябаққа 130-дан астам ағашты Димаштың фан-клубтың мүшелері қалаға сыйлады,– деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Алматыдағы жас таланттың фан-кулб мүшелерінің көпшілігі егде адамдар. Олар әлімнің түкпір-түкпірінде өтетін Димаштың концерттерінен қалмай қатысады. Топтың "Ақ тілек" деп аталуы да бекер емес. Өзге елде Қазақ елінің атын шығарып жүрген оған сыртымыздан әр кез ақ батамыз бен тілегімізді арнап отырамыз дейді олар.

Димаштың Қытайдағы, Лондондағы, Санкт-Петербургтегі концерттеріне бардық. Димашты әр уақытта қолдаймыз. Оның қазақылығы, отансүйгіштігі ұнайды. Әрқашан біздің еліміздің даңқын бүкіл әлемге паш етіп жүр, – деді "Аq Tilek" фан-клуб мүшесі Мәрия Төлентаева.

Әлемнің көптеген елінде Димаштың жанкүйерлер саны артып келеді. Түрлі ұлт, түрлі дін өкілдері қазақ әншісінің арқасында бір отбасындай болып кеткен. Олар жыл сайын осы уақытта түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, көптің алғысына бөленіп жүр. Игі дәстүр сан-саланы қамтиды. Бір топ бүгінгідей сын-сағатта медицинаға көмектессе, енді бірі табиғат жаршысы болып жүр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: