Жаңалықтар тізбегі
0

Сайлау, әлеуметтік желі, сандық технология. Алматыда қазақ-француз форумы өтті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2021 23:22 zakon.kz
Халықаралық жиында интернет жүйесін дамыту мен оны жан-жақты таратудың тетіктері сөз болды.

18 маусымда Алматыда төртінші мәрте өткізілген қазақ-француз форумының тақырыбы "Цифрландыру дәуіріндегі құқық" деп аталды, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Халықаралық жиында интернет жүйесін дамыту мен оны жан-жақты таратудың тетіктері сөз болды. Сондай-ақ, киберқауіпсіздік тақырыбы да қозғалды.

Жыл санап интернет алаяқтардың саны артып барады. Сондықтан бұл бүгінде күн тәртібінде тұрған маңызды тақырып. Шараны ұйымдастырушылар ол үшін Франция елінің тәжірбиесін таңдау да бекер еместігін айтады. Себебі бұл ел цифрлық тұрғыда Европадағы әлдеқайда ілгерілеген мемлекет екен.

"Бүгінгі көтеріліп отырған тақырып аса маңызды. Себебі пандемия бізге цифрлық тұрғыда дамуымыз керек екендігін айқын көрсетті. Онлайн кездеуслер мен электронды форматта жиындарымыз көбейді. 2013 жылы елімізде "Цифрлы Қазақстан-2020" бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Бұл ретте ауқымды шаралар атқарылды және әлі де жалғасуда. IT индустриясын дамыту Конституциялық Кеңестің басты назарында", − деді ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми.

Айта кеткен жөн, халықаралық форумды дәстүрлі түрде өткізу нәтижесінде Сорбонна-Қазақстан институты құрылды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастық келісім аясында жүзеге асқан шешім. Жоғары оқу орны құқық, экономика және ғылыми саясат сынды 3 мамандық бойынша кадрлар даярлайды. Қазір мұнда 800-ге жуық студент француз тілінде білім алып жатыр. Осылайша, еліміздің жастары өзге елге бармай-ақ, халықаралық дәрежедегі диплом алып шығуына мүмкіндік туды.

"Екі ел арасында 2008 жылы стратегиялық әріптестік келісімшартқа қол қойылғаны белгілі. Осы уақыт аралығында ел басшыларының қатысуымен бірнеше бағдарлама мен реформа қабылданды. Нәтижесінде жыл өткен сайын арадағы қарым-қатынас нығайып келеді. Франция Қазақстанға инвестиция жасау бойынша әлем елдері арасында 5-орынды иеленеді. Бұл ұзақ жылдардан бергі саяси тұрақтылықтың жемісі деп білемін", − деді Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: