Жаңалықтар тізбегі
0

Витебск сахнасында өнер көрсеткен Димаш анасын туған күнімен құттықтады

dimashnews.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 21:42 dimashnews.com
Әлемнің түрлі елдерінің танымал әртістері мен ұжымдары ауқымды халықаралық іс-шараға қатысты. Қонақжай амфитеатр залы 7 мың қонақ қабылдады.

"Витебскідегі Славян базары" XXX халықаралық өнер фестивалінің ашылуы 2021 жылдың 15 шілдесінде қаланың басты алаңы – жазғы амфитеатрда өтті. Салтанатты шарада Димаш Құдайберген "Любовь похожая на сон" және "Be With Me" әндерін жанды дауыста орындап, көрермендерді қуантты, деп хабарлайды zakon.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Мерейтойлық фестивальді Беларусь Президенті Александр Лукашенко ашты.

Бүгінгі Витебскідегі фестиваль – бұл кәсіби вокалдық шеберліктің беделді халықаралық байқауы… бұл сахна Таисия Повалий, Руслана, Петр Елфимов, Алена Ланская, Димаш Құдайберген және басқа да көптеген танымал әртістердің жарқын мансабына бастау болды, – деп атап өтті президент.

Әлемнің түрлі елдерінің танымал әртістері мен ұжымдары ауқымды халықаралық іс-шараға қатысты. Қонақжай амфитеатр залы 7 мың қонақ қабылдады.

Концерт кезінде көрермендер әртістердің ұсынған түрлі стильдері мен жанрлардың керемет үйлесімін таңданыспен қабылдады: классикалық, халықтық, эстрадалық музыка Витебск сахнасында шырқалып, фестивальдің негізгі идеясы – шығармашылықтың шекарасы мен қашықтығы жоқ екенін көрсетті. Хореографиялық, цирк, спорт ұжымдарының өнер көрсетуі мерекенің серпінді атмосферасын жандандырды.

"Витебскідегі Славян базары" XXX халықаралық өнер фестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне «Славян базары 2015» жеңімпазы, осы шараға шақырылған қонақ және эстрадалық әндер байқауындағы қазылар алқасының мүшесі Димаш Құдайберген қатысты.

Оның орындауында концерттің финалында екі композиция шырқалды – біреуі орыс тілінде, екіншісі қазақ және ағылшын тілдерінде.

Композитор Игорь Крутой мен ақын Валерия Горбачеваның жауһары – "Любовь похожая на сон" лирикалық әні көрермендерді толқыныстарды ұмыттырып, жағымды ностальгияға бой алдырды.

Фестивальге әр түрлі қалалар мен елдерден келген Dears алғашқы нөмірден кейін сахнаға әртіс үшін гүл шоқтарын әкелді. Сол кезде Димаш мұны "карантиннің әсері" деп әзілдеді.

"Қымбаттыларым, сүйікті тыңдармандарым! Бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Дәл осы жерде, осыдан тура 6 жыл бұрын, мен ересек шығармашылық өмірге "жолдама алдым, – деп Димаш көрермендермен амандасты. Әртіс көрерменге өзінің ата-анасын таныстырып, жанкүйерлерімен бірге анасы Светлана Айтбаеваны туған күнімен құттықтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 21:42

"Сенсация" шоу-балетінің сүйемелдеуімен әртіс орындаған екінші композиция әнші және композитор Димашты мүлдем басқа қырынан көрсетті. "Be With Me" көрермендер залы мен шоуды тікелей эфирде көріп отырған онлайн-аудиторияны қуаттандыру болды.

Димаш концерттің соңында көрермендер залына түсіп, тыңдармандарымен бірге ән шырқады. Концерттен кейін ол Dears-пен ұзақ уақыт тілдесіп, оларға қолтаңба берді. Әнші, оның жанкүйерлері сияқты, ұзаққа созылған пандемиядан кейін бір-бірімен қайта қауышып, сүйікті композицияларын бірге орындағанына өте қуанды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: