Ақтөбеде жалған ПТР-тест анықтамасын жасайтын ерлі-зайыптылар ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2021 19:19 zakon.kz
Жайсаң шекара бекетінде Ресейге кетіп бара жатқан жүк көліктерінің жүргізушілеріне бір адам келіп, ПТР-тест анықтамасын жасай алатындығын айтқан.

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар жалған ПТР-тест анықтамасын жасаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, Жайсаң шекара бекетінде Ресейге кетіп бара жатқан жүк көліктерінің жүргізушілеріне бір адам келіп, ПТР-тест анықтамасын жасай алатындығын айтқан.

Ол жүргізушілердің мәліметтерін әйеліне (медициналық орталықтардың бірінің дәрігері) жібереді, ол жалған анықтама жасап, оны күйеуіне қайта жолдап отырған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында қасақана жалған ПТР-тес анықтамасын қолданған 10 азамат анықталып, олардан жауап алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, 3-бөлігі, "Біле тұра жалған құжатты қолдану" бойынша тергеу амалдары қолға алынды, - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: