Жаңалықтар тізбегі
0

Әлібек Дінішевке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 19:52 Ақорда
Мемлекет басшысы мәдениет майталманын мерейтойымен құттықтап, өнерге сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Әлібек Дінішевтің жарты ғасырға жуық атқарған қызметіне ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Әлібек Дінішевті "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен марапаттады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мәдениет майталманын мерейтойымен құттықтап, өнерге сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Әлібек Дінішевтің жарты ғасырға жуық атқарған қызметіне ризашылығын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 19:52

Қазақтың маңдайына біткен ең дарынды тұлғаларымыздың бірісіз. Бәріміз сізді мақтан тұтамыз. Қазақстанда да, шет мемлекеттерде де өзіңізді білмейтін адам жоқ. Әлемдік деңгейде сіздің өнеріңізді бәрі жоғары бағалайды. Педагог ретінде де, қоғамдық жұмыстарда да белсендісіз. Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген еңбегіңіз орасан. Осы қызметіңізді ескере отырып, Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегіңіз үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы шешім қабылданды. Мен оны лайықты шешім деп есептеймін, – деді Қазақстан Президенті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 19:52

Әлібек Дінішев Мемлекет басшысына еңбегін бағалап, құрмет көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Менің шығармашылығымды бағалап, көрсетіп жатқан құрметіңіз үшін алғыс айтамын. Өзіңіз айтқандай еліміздің де, шет мемлекеттердің де сахнасында өнер көрсетіп келе жатқаныма 45 жыл болған екен. 70 жас мерейтойыма жоғары дәрежелі "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беріп жатырсыздар. Шексіз ризашылығымды білдіремін, – деді Әлібек Дінішев.

Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдау соңында Әлібек Дінішевке денсаулық, кәсіби және қоғамдық жұмысына табыс тіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 19:52

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: