Жаңалықтар тізбегі
0

Балаңызға мектепте әлдекімдер тиісіп жүргенін қалай білуге болады - психолог кеңесі

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2021 21:51 pixabay.com
Буллинг - бұл оқушыны үнемі эмоционалдық немесе физикалық тұрғыда қорлау, оны дер уақытында ауыздықтап отыру қажет.

Отбасы және балалар психологы мектепте балаңызды біреулердің қорқытып-үркітіп жүргенін қалай білуге болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Буллинг - бұл оқушыны үнемі эмоционалдық немесе физикалық тұрғыда қорлау, оны дер уақытында ауыздықтап отыру қажет. Отбасы және балалар психологы Наталья Наумова ФАН-ға берген сұхбатында балаға мектепте біреулердің тиісіп жүргенін қалай білуге болатынын айтты.

Әдетте, балалар буллинг құрбаны болғанда, олардың мінез-құлқы өзгереді: бала қатты агрессия көрсете бастайды және өзін-өзі ұстай алмайды немесе, керісінше тұйықталып, мүлде сөйлемейтін болады, - деп түсіндірді психолог.

Бұл мінез-құлықтың буллингтен пайда болғанын түсіну үшін ата-аналар балаларына көбірек көңіл бөліп, сөйлесіп отыруы керек. Баланы айыптаудың орнына, оның жалғыз еместігін, жанұясы оның жағында екенін түсіндіруіңіз керек. Кез келген мектеп оқушысы буллинг қармағына ілінуі мүмкін. Көбіне ондай жағдайға өзіне сенімсіз балалар және дамуы кеш балалар түседі, - дейді ол.

Егер баланың денесі көгеріп, жараланса, мектептен заттары бүлініп келсе - бұл да оқушының буллинг құрбаны болғанының белгісі.

Психолог ата-аналардың өзіне сенімділігі жоқ балалармен жұмыс жасау керектігін атап өтті. Бала өзін күшті әрі табысты сезінуі керек. Ересектердің балаға күліп, келеке етуі немесе баланың мықты болатынына сенбеуі оның психикасына нұқсан келтіріп, тұйықталуына әкеліп соғуы мүмкін.

Мұндай жағдайда балаға қолдау көрсету - маңызды. Егер балаңызды сыныптастары жиі ренжітетін болса, алдымен мұғаліммен сөйлесіп, осындай проблеманың барын хабарлауыңыз керек. Содан кейін сіз бұзықтық жасаған балалардың ата-аналарымен және мектеп әкімшілігімен бірге кездесу ұйымдастыра аласыз, - дейді психолог.

Егер кездесу оң нәтиже бермесе, онда полицияға хабарласқан дұрыс, деп атап өтті Наталья Наумова. Осындай өркениетті әдістің көмегімен баланы ренжіткен тарап құрбы-құрдастарымен өздерін осылай ұстау дұрыс еместігін түсінеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: