Жаңалықтар тізбегі
0

Кеңестік кезеңдегі діни саясат құрбандарын ақтауға қатысты халықаралық басқосу өтті

ҚМДБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 02:13 ҚМДБ
Жиын соңында конференция жұмысы қорытындыланып, арнайы қарар қабылданды.

Нұр-Мүбарак университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ "ДІН ДҮРБЕЛЕҢІ": КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ДІНГЕ ҚАРСЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алқалы жиында алдымен саяси қуғын-сүргін көрген дін қайраткерлерінің рухына Құран бағышталып, дұға жасалды. Конференция ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының баяндамасымен ашылды.

Жиында Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев: "Он ғасырлық ислам мен көшпенді философиясының синтезінен сүзілген қазақ сана-сезімі өз ата дінінен атқұйрығын кесе қоймады, сақтап қала алды. Екі жарым ғасырлық сана соққысынан есеңгіресе де есін елінен жазбады. Бүгінде ата дінімізге қайта қауыштық. "Халықтың дініне тиіспе, өзін жеңгенмен де, сенімін жеңе алмайсың", - деген даналық сөзін олар түсінбесе керек, - деп халықтың діни сенімінің маңыздылығына тоқталып өтті.

Сондай-ақ Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Серік Сейдуманов, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы, ҰҒА академиктері, тарих ғылымдарының докторлары Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Дархан Қыдырәлі, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Дәстүрлі дін өкілдерін зерттеу жұмыс тобының мүшелері Бақытжан Сатершинов, Рахым Бекназаров, Досай Кенжетай, Юлия Шаповал, сондай-ақ ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері Шамшәдин Керім, Мұхан Исахан, Төреәлі Қыдыр, т.б тарихшы ғалымдар баяндама жасады.

Баяндамашылар саяси қуғын-сүргін тарихындағы дін өкілдері мен кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары жайлы баяндады.

Жиын соңында конференция жұмысы қорытындыланып, арнайы қарар қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: