Жаңалықтар тізбегі
0

Қабанбай батырдың 329 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

dalanews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2021 18:34 dalanews.kz
Үлкен жиын Қабанбай батыр туған өлке - ШҚО-да өтті.

Жоңғар басқыншыларымен ұлт-азаттық күреске қатысқан қазақтың қайсар қолбасшысы Қаракерей Қабанбайдың келер жылы 330 жылдық мерейтойы аталып өтілмек. Соған орай Шығыс Қазақстан облысында алғашқы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, шара Өскемендегі Қабанбай батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Содан соң Ұлы қолбасшының өмірі мен қазақ халқының өркендеуіне қосқан жеңістері туралы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған жылжымалы көрме өтті.

Шығыс Қазақстан облысына көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін зор алғысымды білдіремін. Бұл іс-шарамыз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізіліп отыр. Келесі жылы Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейтойын ауқымды түрде ел болып атап өтуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте біз жастарымыздың осындай батырлардың, ата-бабаларымыздың рөлі мен тарихымыздағы маңызды орнын терең түсінгенін қалаймыз. Ұлы қолбасшының өміріндегі көптеген тарихи оқиғалар мен фактілер әлі зерттелген жоқ. Тарихшылармен бірлесіп осының бәрін қамтығымыз келеді. Жоғары деңгейде мәдени, спорттық және ғылыми іс-шаралар өткіземіз деген жоспарымыз бар, - деді "Ер-Қаптағай" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құсман Шалабаев.

Алғашқылардың бірі болып С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының сеньор-лекторлары, тарих ғылымдарының кандидаттары Роза Чекетаева мен Маратбек Ақанов баяндама жасады.

Профессорлар ғасырлар бойғы арманы мен қазақ халқының басты құндылығы – Тәуелсіздік тарихындағы батырдың орны туралы, сондай-ақ Ұлы қолбасшы жайлы шынайы аңыздар туралы айтып берді. Одан әрі Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің профессоры Мұхтарбек Кәрімов "Ауызша және жазбаша деректердегі Қабанбай батырдың тұлғасы" тақырыбына тоқталды. Аягөз шайқасының тарихи-танымдық экспедициясының қорытындылары туралы ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Қанат Есенов баяндады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: