Әлемнің 12 елінде тұратын қазақтарға қазақ тілі сабағы ұйымдастырылды

Қазақ тілі, қандастар, тіл, оқу , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2021 15:15 Сурет: Zakon.kz
2021 жылы Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен «Отандастар қоры» әлемнің 12 елінде қазақ тілін оқыту бойынша 31 онлайн-сынып ашты, деп хабарлайды Zakon.kz

Түркия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Франция, Иран, Қырғызстан, Украина, Моңғолия және Беларусьтегі қазақ диаспораларының 1 391 өкіліне 780 онлайн сабақ өткізілген. Олардың 336 қатысушысы арнайы сертификат алды. Сонымен бірге қазақ тілін өз бетінше үйрену мүмкіндіктерін жасау мақсатында 30 онлайн-сабақ «YouTube»-ке шығарылды.

Осы жылдың тамыз және желтоқсан айларында өткен сабақтар speaking club (сөйлесу клубы) форматында ұйымдастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: