Ninety one тобы JUZ Entertainment-пен енді жұмыс істемейді

 ninetyone, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 21:54 Сурет: instagram/ninetyone
11 наурыз Ninety one тобы мен JUZ Entertainment компаниясы пресс-конференция өткізіп, арасындағы келісімшарттың тоқтағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Instagram-дағы Ninety one тобы жайлы ақпарат бөлісетін парақшадағы видеода айтылды. Топ мүшесі Дулат Мұхамедқалиев (Zaq) топ пен компания арасындағы келісімшарт мәресіне жеткенін хабарлады.

Екі жақтың келісімімен біріккен жұмысты тоқтатамыз деп шештік. Енді Ninety one өз алдына Ninety one, ал JUZ Entertainment өз алдына JUZ Entertainment. Eaglez, сіздерге көп рақмет! Тағы бір өзгерістер болады деп қорықпай-ақ қойыңыздар. Бұл траур емес. Ең бастысы біз біргеміз!Дулат Мұхамедқалиев

Сонымен қатар топ мүшелері жақында жаңа Youtube канал ашатынын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: