Жаңалықтар тізбегі
0

11 жасар Сағын Өмірбайұлы «Голос. Дети» ресейлік байқауының ақтық сынына өтті

Голос. Дети байқауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2022 16:31 Сурет: Instagram/sagyn_2010
Шымкент қаласының жас өнерпазы Сағын Өмірбайұлы "Голос. Дети" ресейлік шоуына қатысып, үздіктер қатарында келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 наурызда Сағын Өмірбайұлы Родольф Фальвоның "Қыздар, құрбыларыңа айтыңдаршы" (итальян және орыс тілдерінде) деген әнін орындап, оған қазылар алқасының екі мүшесі – танымал әнші Полина Гагарина мен танымал рэпер Василий Вакуленко ("Баста") бұрылды. Сағын Гагаринаны тәлімгер ретінде таңдады.

1 сәуірде Бірінші арнада "Голос. Дети" ресейік шоуында Полина Гагаринаның командасы өз жетістіктерін көрсетті. Алдымен жас орындаушылар сахнаға үш-үштен шығып өнер көрсетті ("Жекпе – жек" кезеңі), осылайша 15 қатысушының бесеуі келесі кезеңге өтті, оның ішінде Сағын Өмірбайұлы да бар.

Өте бақыттымын! Ішім өртеніп барады! Мен мұндайды мүлдем күткен жоқпын! Сағын Өмірбайұлы

"Келесі кезеңге өту" кезеңінде ол "Қыздар, құрбыларыңа айтыңдаршы" әнін қайталап орындап, шоудың ақтық сынына шықты.

Гагарина командасынан Сағынмен бірге Сочиден келген 12 жасар Малика Тайгибова да финалға өтті.

Шоудың осы кезеңінде финалистерді таңдау тікелей тәлімгер Полина Гагаринаның еншісіне берілді. Шоудың ақтық сыны тікелей эфирден көрсетіледі, ал байқауға қатысушылардың тағдырын көрермендер анықтайды.

Сағыннан басқа, "Голос. Дети" ресейлік шоуында Қазақстаннан 14 жасар қызылордалық Тимур Тян да бар. Оның тәлімгері Егор Крид екенін айта кетелік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: