Жаңалықтар тізбегі
0

Белгілі қазақ дикторы Әбдірәлі Бөлебай өмірден озды

Қаралы хабар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 21:03 Сурет: Facebook/Қазақ радиосы
Радио және телевизия саласының ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай 70 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Қазақ радиосы растады.

Әбдірәлі Бөлебай 1953 жылы 25 желтоқсанда Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ерназар ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын «Қазақфильм» киностудиясында режиссердің көмекшісі болып бастаған.

1996 жылы "Хабар" агенттігінде "Жеті күн" ақпараттық-сараптау бағдарламасының жүргізушісі болды.

2000 жылдан бастап "Қазақстан" Ұлттық арнасының астаналық филиалының директоры болып жұмыс істеді. 2002 жылы ҚР Президенті телерадиокешенінің продюсері болды.

Белгілі диктор өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында дикторлық қызмет етті.

Ол телерадиода дикторлық өнердің қыр-сырын терең меңгерген, дауыс үні ерекше білікті маман болған еді.

Zakon.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: