«Дәл осы сәтті армандадым»: Димаш «Дайдидау» әні туралы естелігін бөлісті

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 12:19 Сурет: Dimashnews.com
Димаш Құдайберген Еуропада өткізген турынан әдемі сәттерді бөлісіп жатыр. Ол жеке концертінде түсірілген видеоның бірін жариялап, бір кездері дәл осылай әлемдік сахнада ән айтып тұруды армандағанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайберген «Дайдидау» әні туралы естелігін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Бұл әнді мен ең алғаш естігенімде мектепте оқып жүрген оқушы едім. Сол кезде «осы әнді бір күні орындасам» деп ойлап жүретінмін. Арада жылдар өтіп, қателеспесем, 17 жасымда бір халықаралық байқауға қатысуға «Дайдидау» әнінің аранжировкасын жасауға кірісіп кеткен едік. Ол кезде Ақтөбе қаласында тұратынмын. Бақытбек аға аранжировкасын жасап, менің ең алғашқы музыкалық продюсерлік қызметімді атқарды. Сол кезде осы видеодағы көріністі елестетіп, армандайтынмын.Димаш Құдайберген

Димаш бөліскен видеода «Дайдидау» әнін шетелдік көрермен қосыла шырқап жатыр. Оның үстіне көрерменнің бәрі қолына жарық ұстап алған.

Әншінің бұл жазбасына жанкүйерлері лүпіл басып, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: