Алматылықтар Бірлік күнін тойлауды бастап кетті
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Республика cарайының алдындағы Абай атындағы алаңда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Достық туралы ән" музыка фестивалі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мерекеге қатысушылар мен қонақтар ұлттық киім киінген.
Республика сарайының алдында қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсететін сахна орнатылған. Оған жақын маңда этномәдени орталықтар дәстүрге сай жәрмеңке ұйымдастырды.Меркені тамашалауға 500-ге жуық адам жиналды. Көктемнің жаймашуақ күнінде көптеген алматылық балаларын ертіп жүр.
Қазақстан бейбітшілік, келісім мен бірлікте өмір сүруі үшін халықтарының достығы өте маңызды. Бұл - өзара құрмет, өзге ұлттың мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет, - дейді Қырғыз этномәдени бірлестігінің өкілі Дамирбек Дюшекеев.
Қалада басқа да бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді: концерттер, фестивальдар, спорттық жарыстар және т.б.
Жалпыға арналған көріністерге Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары да қатысады.
Біз интернациональды елде өмір сүреміз және бұл мереке - біздің бірлігіміздің, достарымыздың көрсеткіші – Достық күні. Біздің күшіміз - бірлікте! ҚР-да тұратын барлық халықтар бір-біріне арқа сүйей алатындай сенім мен достықта болсын деп тілеймін. Түрік этномәдени орталығының өкілі Зарина Аббасова
Қазақстан территориясында көптеген этнос тұрады, сондықтан дос болып, бір-біріне көмектесу өте маңызды, - деп атап өтті этномәдени корей бірлестігінің өкілі Кристина Ким.
Мерекелік концертте КешYou, Кәмшат Жолдыбаева, Айқын Төлепберген, Ғазизхан Шекербек, 2rar, Yenlik, Нұрмұхамед Жақып, Мәди Рымбаев, Кий, AYREE, А.Z, Ziruza, C.C.TAY, AlZaBi сынды қазақ эстрадасының орындаушылары өнер көрсетеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript








