Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік кеңесші ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысын қабылдады

Қабылдау, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2022 19:43 Сурет: Википедия
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевты қабылдады. Кездесуде түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Қарин еліміздің руханият саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Сондай-ақ биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында жүзеге асқан іс-шараларға тоқталды. Мемлекеттік кеңесші айтулы тұлғалардың атаулы даталарын ТҮРКСОЙ шеңберінде өткізудің қажет екенін атап өтті, делінген Ақорда сайтында.

Өз кезегінде Сұлтан Раев Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезовтің мерейтойларын халықаралық ұйым аясында атап өтуге қатысты жоспар құрылғанын, сол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар тек түркі әлемі шеңберіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілерге жыл сайын берілетін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезов атындағы төс белгілердің шығарылғанын айтты.

Кездесу соңында тараптар жыл соңында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған кең көлемді іс-шара ұйымдастыратын болып уағдаласты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: