Жаңалықтар тізбегі
0

ЮНЕСКО борщты Украина тағамы деп таныды

ЮНЕСКО, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2022 11:41 Сурет: pexels
ЮНЕСКО Украинаның ұлттық тағамдары ретінде борщты даярлау процесін материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Борщ 1 шілдеде өткен материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің кезектен тыс отырысында украин тағамы деп танылды.

"Украиналық борщты әзірлеу мәдениеті шұғыл қорғауды қажет ететін материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді", делінген құжатта.

Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченко әлеуметтік желіде Украина борщы мен оның мәзірін басқа "өркениетті" елдермен бөлісуге дайын екенін жазды.

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова өзінің телеграм-арнасында бұл тағам дереу қорғауды қажет ететініне күмән келтіретінін жазды.

Аспаздықты мысалға ала отырып, әлемге "қазіргі Киевтегі ұлтшылдық" деген не екенін түсіндіру үшін факті келтіруге болады: қымыз бен палау бірнеше халықтың ұлттық тағамдары ретінде танылған. Бірақ, менің түсінуімше, осылайша барлығын украинизациялай беруге болатын секілді. Келесісі қайсы? Шошқа етін де Украинаның ұлттық тағамы деп тану керек шығар? Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: