Адамбаев «Келинка-Сабина» киносына қатысты сынға жауап берді
"Хабар 24" журналисі Нұртас Адамбайдан "оның фильмі дәстүрлі емес бағыттағы қарым-қатынасты насихаттап жүрген жоқ па" деп сұрады, өйткені фильмде ер адам әйел киімін киеді.
Актер кинода ер адам әйел болып киінбейді, бұл әу бастан әйел адамның рөлі екенін баса айтты.
Біздің "Тамашада" да әйелдің рөлін ойнайтын актерлар бар. Тура осындай жағдай америкалық фильмдерде де кездеседі. Егер фильмде ер адам дәрігерге барып, жынысын өзгертсе, бұл насихат болар еді. Сондықтан "Келинка-Сабина" мұндай құндылықтарды насихаттайды деп айтудың өзі ақылға сыйымсыз. Нұртас Адамбай
16 шілдеде актер өзінің Facebook парақшасында "Тор: махаббат пен найзағай" фильмі туралы жазба жариялады. Оның айтуынша, бұл фильм "гомосексуалдық қатынастар түріндегі әдепсіз құндылықтарды насихаттайды, бұл бала құқықтары туралы Қазақстан Республикасының Заңын тікелей бұзу болып табылады".
Қандай негізде бұл фильмге лицензия берілген? Менің ойымша, Бас прокуратура бұл мәселені тексеріп, реттеуі керек. Фильмді прокатқа шығармау қажет. Біздің елдегі заңдар күшін жойған жоқ. Биылғы жылды Президент Тоқаев "Балалар жылы" деп жариялады. Менің ойымша, бізге мұндай өрескел насихатқа мемлекеттік деңгейде заңнамалық түрде тыйым салу қажет. Нұртас Адамбай
Жазба астындағы пікірде кейбір қазақстандықтар "ЛГБТ насихаты" үшін "Келинка Сабинаны" да көрсетуге тыйым салуды сұрайды.
30 маусымда актер Facebook-те "Bazz lighter" мультфильмін көрсетуге тыйым салуға шақырды. Кейінірек желіде осы сипаттағы талаппен үндеу жарияланды. 14 шілдеде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кинотаспа Қазақстанда прокаттан алынғанын хабарлады.