Димаш Құдайберген қайда ұшып барады

Димаш Құдайберген, dears, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2022 12:59 Сурет: видеодан скриншот
Қазақтың танымал әншісі әрі композиторы Димаш Құдайберген әуежайда түсірілген видеосын жариялап, жанкүйерлерін ойландырып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны ол Instagram парақшасында жариялады.

Мені іздесең, мен 24/7 сағат аспандамын. Жаңа шоуға дайындық қызу жүріп жатыр, – деп жазды Димаш.

Димаштың жанкүйерлері оның не келгенін, не басқа жаққа ұшып кеткенін түсінбей қалды.

  • «Қайда жүрсең де, аман бол, абай бол!»

  • «Парашютпен секіргелі жатқан жоқпысың?»

  • «Анда-сонда жерге қонып тұр, біз сені күтеміз».

  • « Бұлттарға сәлем айт!»

  • «Димаш, келдің бе, кетесің бе? Қалай болғанда да, сәттілік, біз сізді әрқашан күтеміз! Анық-қанығын білгіміз келеді, әрине... Келесі жолы толығырақ жазарсыз деп күтеміз!»

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: