"Егемен Қазақстан" республикалық газетіне жаңа басшы тағайындалды
Жаңа басшыны ұжымға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі таныстырып, Дихан Қамзабекұлына жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
Дихан Қамзабекұлы 1966 жылы 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті (1990 ж.), мамандығы - қазақ тілі мен әдебиеті;
Филология ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының Сұлтанбек Қожанұлы атындағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.
Еңбек өтілі:
1996-2000 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі;
2000-2001 жылдары Л.НГумилев атындағы Еуразия университетінің аға ғылыми қызметкері;
2001-2004 жылдары Қазақ ұлттық Музыка академиясы Тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі;
2004-2005 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институтының директоры қызметтерін атқарған;
2005 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық Еуразия университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, университет жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры болып қызмет еткен.
Айта кетсек, республикалық газеттің бұрынғы басшысы Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалған болатын.