Полиция Төреғали Төрәліге қатысты қозғалған қылмыстық істің жабылғанын растады
Сурет: Instagram/toregalitoreali
Алматы облысының полиция департаменті әнші Төреғали Төреәліге қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді доғарды, өйткені ол жәбірленушімен өзара мәмілеге келіп, татуласты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша Төреғалиға қатысты бұрын СДТБТ-да тіркелген қылмыстық істе тараптар татуласты. Нәтижесінде қылмыстық іс бойынша тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, - деп хабарлады полициядағылар.
Департаменттегілер ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес, кісі өлімінен басқа аса ауыр емес немесе орташаға жататын қылмыс жасаған адам, егер жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянды өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жататынын атап өтті.
Айта кетсек, бүгін әнші Төреғали Төреәлі желіде Бекарыс бауырымен бір мәмілеге келгенін жазды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript