Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейлік тарихшы: Әлихан Бөкейханов Қазақстанның ғана тарихи қайраткері емес

Алихан Букейханов. Человек-эпоха кітабы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 23:31 Сурет: Мәскеудегі Қазақстан елшілігі
Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде ресейлік ғалым Виктор Козодойдың "Алаш" партиясы көшбасшыларының бірі, қазақтың көрнекті қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы "Алихан Букейханов. Человек-эпоха" ("Әлихан Бөкейханов. Аңыз адам") кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автор өз еңбегінде дереккөздерді, материалдар мен фактілерді, соның ішінде бұрын ғылыми айналымда пайдаланылмаған мұрағат құжаттарын, естеліктерді, сол жылдардағы газет-журнал беттеріндегі жарияланымдарды пайдаланды.

Бұған дейін кітаптың тұсаукесері Қазақстанның бес қаласында (Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Қарағанды) сәтті өткен болатын. Енді, ресейлік ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Мәскеу қаласында өтті.

Жиынды ашқан Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев бұл кітапты Әлихан Бөкейханов тұлғасының алғашқы терең және тұтас ғылыми зерттеуі деп атады. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және қалың бұқараға ақпарат беру аясында Алаш қозғалысы қызметінің көптеген қырлары ашылмағанын еске салды. Осыған байланысты, бұл кітап Қазақстанның Тәуелсіздігін болжаған тарихи оқиғаларды зерттеуге елеулі үлес қосты.

Шара барысында Ермек Көшербаев тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Козодойға 2-дәрежелі "Достық" орденін және Қазақстан Республикасы президентінің Алғыс хатын табыс етті.

Өз кезегінде ғалым Қазақстан басшылығына жоғары марапаты үшін алғыс айтып, кітапты екі ел халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан қарапайым үлесі деп атады. Оның пікірінше, Әлихан Бөкейхановты Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де тарихи қайраткері деп санауға болады, өйткені ол Мемлекеттік Думаға сайланды, Бүкілресейлік ұйымдардың жұмысына және Бүкілресейлік мәселелерді шешуге қатысты.

Сөз соңында Виктор Козодой кітаптың қазақ тіліне аударылғанын айтып, жақын арада оның жарық көруіне үміт білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: