Жаңалықтар тізбегі
0

"Мұқағали" фильмі Дубайда өткен кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды

"Мұқағали" фильмі, М.Мақатаев, META Film Fest , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 15:18 Сурет: Қазақфильм
Белгілі режиссер Болат Қалымбетовтің "Мұқағали" көркем фильмі Дубайда өткен META Film Fest фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фестивальде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді.

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған "Мұқағали" картинасында ақын өмірінің соңғы жылдары баяндалған.

META Film Fest – Таяу Шығыс, Азия және Африка елдерінің киноиндустриясын қамтитын халықаралық кинофестиваль.

10 маусымда режиссер Дәрежан Өмірбаев түсірген "Ақын" фильмі Olhar de Cinema халықаралық кинофестивалінде "Үздік фильм" сыйлығын иеленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: