Қызылжарда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры жаңаша бой түзеді
Сурет: Facebook/Дәурен Абаев
18 қарашада СҚО-да Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына арналып салынған жаңа ғимараттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс сапар аясында Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театрына арнайы салынған жаңа ғимараттың ашылу салтанатына қатысып қайттым. Бұл шын мәнінде, теріскейдегі бас театрға ғана емес, жалпы ұлт руханиятына ортақ қуаныш десек қателеспейміз. Себебі, бұндай өнер шаңырақтары тек театрдың ғана жүгін арқалап қоймайды, өңірде өтетін барлық әдеби-мәдени іс шараларға есігін айқара ашып, зиялыларымыздың басын жиі қосып отырады. Еңселі шаңырақпен облыс тұрғындарын құттықтап, ерекше ұйымдастырылған өнер кешінің куәсі болдым. Киелі Қызылжар топырағы – әуелден сайын сахараны сахна етіп, сал-серілерге бесік болған берекелі мекен. Бізге Мағжандай асқақ шайыр мен Ғабиттей зергер жазушыны берген қастерлі топырақ әлі талай тарлан тұлғаға тұғыр болуы тиіс, деп жазды министр Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ ол жаңа өнер ордасы алдағы уақытта төл құндылықтарымыздың сақшысы, ұлт руханиятының шырақшысы, туған тіліміздің жаршысы болады деп сенім білдірді.
"Сырлы сахнасы сазбен сырласып, табалдырығынан бастап тарихпен тыныстап тұрар жаңа ғимарат барша өнер сүйер қауымның басын қосар ғибрат ордасына айналсын дегім келеді". Дәурен Абаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript