Димаш Құдайберген өз таңдауын жасап, дауыс берді
"Құрметті отандастар! Бүгін еліміз үшін маңызды күн болды. Мемлекетіміздің президенттік сайлауына қатысып өз таңдауымды жасадым. Қолға алған шаралардың басым көпшілігі орындалып, халқымыздың бақытты және баянды күндері көп болғай. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы көтеріліп, Қазақстанның болашағы жарқын, тұғыры биіктей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетсек, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов та бүгінгі сайлауға барып, Қазақстан халқын азаматтық белсенділік танытуға шақырды. Ал бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенова апайымыз үйінен дауыс берді. Одан бөлек тағы бірқатар өнер адамдары өздерінің саяси таңдау жасағанын әлеуметтік желіде жазды.