Қазақстандық ансамбль түрік сериалына арнап саундтрек жазды

Тұран ансамблі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 22:11 Сурет:  instagram.com/turan_ethno_folk/
Қазақстандық ансамбль түрік сериалының екінші маусымына арнап саундтрек жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сериал Mendirman Jaloliddin деп аталады. Ол Хорезмшах мемлекетінің соңғы билеушісі Жалаледдин туралы. Бұл туралы ансамбльдің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Бұл жолы ансамбль @bozdagfilm түсірген Mendirman Jaloliddin сериалының екінші маусымына әуен жазды. Сериал Хорезмшах мемлекетінің соңғы билеушісі Жалаледдин Хорезмшах туралы. Көрермен жүрегін жаулаған сериалдың екінші маусымына Turan ансамблінің бес композициясы саундтрек ретінде қолданылды", - делінген жазбада.

Cериалдың премьерасы 14 қаңтарда болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: