Жаңалықтар тізбегі
0

2022 жылы шетелден 7000 тарихи құжат Қазақстанға қайтарылды

Тарихи құжаттар, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2023 19:50 Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
Құнды жәдігерлерде еліміздің тарихы қамтылған, олармен қазір отандық ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия сияқты елдерден әкелінген. Бұл жайлы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, Асхат Оралов өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігінің жүйелі жұмысының нәтижесінде 18 археологиялық зерттеу жүргізіліп, еліміздің түрлі өңірлерінде 30 ескерткіш қалпына келтірілгенін атап өтті. Олардың ішінде атап айтқанда Әзірет Сұлтан музей-қорығы, Отырар қалашығы, Жаркент мешіті, Ботай қонысы, Бөкей Ордасы, Ахмет Байтұрсынұлы мүзей-үйі, Бекет ата жер асты мешіті нысындары бар.


"Министрлік шетелден әкелінген тарихи құжаттардағы ақпараттың ғалымдардың зерттеулерінен кейін жария болуы үшін жұмыс жүргізетін болады. Бұл көзі қарақты оқырмандарымыздың еліміздің тарихы туралы жаңа білім алуы үшін өте маңызды. Сонымен қатар, министрлік сапалы кітаптар шығаруға ерекше көңіл бөледі. 2022 жылы өңірлерге 506 мың дана кітап жіберілді. Биыл бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі. Біз еліміздің кітапханаларын сапалы әдебиеттермен қамтамасыз ететін боламыз". Асхат Оралов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: