Роза Рымбаева әже болды
Сурет: Instagram/rozarymbaeva
Әнші, Қазақстанның халық әртисі Роза Рымбаеваны немересі дүниеге келгенімен әріптестері құттықтап жатыр. Қуанышты жаңалықты әншілер Мақпал Жүнісова мен Меруерт Түсіпбаева Instagram-дағы парақшаларында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әншінің өзі бұл оқиға туралы әлі жазбаған.
"Роза Қуанышқызы, сізді осындай қуанышпен, әже атануыңызбен құттықтаймын! Үлкен тұлға болып өсе берсін", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Меруерт Түсіпбаева да Роза Рымбаеваны құттықтады.
"Сүйінші! Қазақ шаңырағында көптен күткен жақсы жаңалық! Зейін деген батыр дүниеге келді. Бауы берік болсын! Роза Қуанышқызы әже атанды!"- деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Роза Рымбаеваның Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев деген екі ұлы бар. 2020 жылы Әли Оқапов "Асыл" тобының солисі Ақерқе Бүркітбаймен үйленді. 2023 жылы жұп Зейн есімді ұлды болып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript