Актриса Ғазиза-Таңшолпан мен режиссер Қуаныш Бейсек некесін қиды
Сурет: Instagram/kukabeisek
Режиссер Қуаныш Бейсек Instagram-дағы парақшасында актриса Ғазиза-Таңшолпанмен некесін қидырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алланың қалауымен некемізді қидық", - деп жазды Қуаныш Бейсек.
Режиссердың бұл фотосын Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай да өз парақшасына бөлісті.
Сонымен қатар Қуаныш қалыңдығымен бірге саябақта, аттракционда отырған сәтінен видео жариялады. Жұп видеоны "Бал күн, бал айы" деп сипаттады.
Қуаныш Бейсек – режиссер, YouTube-тағы "Ирина Қайратовна" жобасының авторларының бірі. Біраз уақыт бұрын ол бұл жобамен енді айналыспайтынын айтқан.
Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай – актриса, кәсіпкер, қолөнер шебері, Gaziza ornek брендінің иесі. Ғазиза көрерменге "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" және "Алтын тақ", сонымен қатар "Сүйе білсең" телехикаялары арқылы танылған. Оның бұрынғы күйеуі актер Ербол Семқұловтан ұлы бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript