"Жартылай қазақ, жартылай орыс". Alem алғаш рет қалыңдығы жайлы бар шындықты айтты
Сурет: Instagram/xcialem
Ninety one тобының мүшесі, көпшілікке Alem деген кәсіби атымен танымал Батырхан Мәліков алғаш рет жан жары туралы сырымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Той болған жоқ. Үйге алып бардым, туыстар ортасында кішігірім беташар жасадық. Сонымен болды. Сәті түсіп жатса, той жасағымыз келеді. Жалпы, өзім той жасағым келеді. Қазақша. Туған-туысқан, достарды шақырып, қуанышыммен бөліскім келеді. Өйткені, кей туыстар бұл жағынан хабарсыз", - деді некесін былтыр қиған Аlem "1001 түн" бағдарламасына берген сұқбатында.
Батырхан Мәліковтің айтуынша, ол қалыңдығымен Ninety one тобында жүргенде танысқан.
"Жұбайым негізі қаржыгер. Есімі Вероника. Тегі - Жаңғал, әкесінің аты - Болат. Жартылай қазақ, жартылай орыс. Метис қой. 2016 жылы біздің топта менеджер боп жұмыс істеген болатын. Операциялық жұмыстардың барлығын өзі жүргізетін. Кейін жұмыстан шығып кетті. Содан кейін 1,5-2 жылдай дос болып жүрдік, арты махаббатқа ұласты", - дейді ол.
Сондай-ақ әнші қызға алғаш қалай сөз салғанын да айтып берді.
"Телефон нөміріне хабарластым. Басында жәй сөйлесіп жүрдік. Бір күні түсімде көрдім оны. Соны тікесіне айта салдым. "Жақсы көрем деп емес, түсімде сені көрдім" деп айттым, содан басталды. Классика ғой", - деген Alem жалпы қызға қыры жоқ екенін мойындады.
Alem қалыңдығымен қазір Астанада тұрып жатса, ал оның ата-анасы Қостанайда екен.
"Қазір Вероника модель. Өте еңбекқор. Менің қайратымды жанып, жігерлендіріп отырады. "Спортпен шұғылдан" деп барлығын қадағалайды. Қазақша түсінеді, аздап сөйлейді. Бірақ орысша оқыған. Сондықтан оны мәжбүрлемеймін. Өткенде Астанаға анам келді. Орамал тағып, сәлем салып қарсы алды. Екеуінің қарым-қатынасы күшті", - дейді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript