Жаңалықтар тізбегі
0

Ақберен Елгезектің Жазушылар одағына қатысты желіде жариялаған есебі қызу талқыға түсіп жатыр

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2023 13:26 Сурет: Facebook/Ақберен Елгезек
Айта кетсек, 2023 жылы 5 сәуірде Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек қызметінен кеткен болатын. Араға бір ай салып ақын өзінің бұрынғы қызметі туралы желідегі парақшасында есеп жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақберен бұл жазбаны өзін қаралап, күйе жағушыларды жазалау мақсатына жазып отырғанын баса айтады. Сондықтан оларға кешірім сұрау үшін 48 сағат уақыт беріпті. Ал одан кейін ол сотқа баруға ниетті.

"Егер менен жеке болсын жария болсын кешірім сұрамасаңдар, маған жария түрде дәлелсіз-дәйексіз жала жауып, ар-ожданыма, таза атыма кір келтіргендерің үшін сендерді сотқа беруге мәжбүр боламын. Конституциямыздың 17 (п.1), 18 (п.1) баптарына сәйкес, сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің 131-ші бабына және Азаматтық Кодекстің 143 (п.6) бабына сәйкес сендерді жауапқа тартуға толық хақым бар. Ол сотты ұтқан соң, этиканы қалтама салып қоям да аты-жөндеріңді атап, түстеріңді түстеп, фотоларыңды, соттың Қаулысын осы жерге желбіретіп іліп қоямын. Ескертем, соттан кейін, Заң бойынша маған әрқайсың 6 миллион 900 мың ақша төлейсіңдер (200 МРП)", делінген жазбада.

"Ішті-жеді" деген айыпқа берілген жауаптар қатарында мынандай есеп те бар:

"Жылына 300-ге жуық шара өткіземіз, соның бәріне қайыр сұрап жүргендей, ақшаның басын құраймыз. 300 шараны 5 жылға көбейт. 1500 шараның әрқайсысы кем дегенде 2-3 млн қаржыны талап етеді. 2 млн теңгені 1500-ға көбейт. Шашың тік тұрады! Ондай ақша жоқ Одақта! Сондықтан айлығы шайлығына жетпей жүрген қызметкерлер осының бәрін өз қолдарымен істеп, өз аяқтарымен баратын жерге барады. Менің алған айлығым - 200 мың теңге. Оның тең жартысын жүргізушіме беремін. Қайдағы ұрлық?! Зарлық бұл!".

Автордың жазбасымен мына сілтеме арқылы өтіп, толықтай таныса аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: