Жаңалықтар тізбегі
0

"Туынды менің өмірім жайында": Димаш туған күнінде жаңа бейнебаян шығармақ

"Туынды менің өмірім жайында": Димаш туған күнінде жаңа бейнебаян шығармақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 16:56 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Бұл туралы әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әннің әнін де, сөзін де Димаш өзі жазған. Туындының бейнебаяны да дайын.

"Өмір - ақ пен қара алмасқан, бақ пен нала арбасқан, қуаныш пен қайғы таласқан, теңдессіз алып кеме. Айдындағы сұрапыл толқынға да, дауылға да төтеп беруіме түрткі болып жүрген барша тыңдарманыма туған күнімнің қарсаңында шығатын, алғаш рет әуені мен сөзі жан дүниемді жарып шыққан шығарманы ұсынамын", - деп жазды Димаш.

Әншінің сөзінше, туынды өзінің өмірі жайында. Тизерден байқасақ, туынды "Өмір" деп аталады.

"Өмір… Сахна… 24 мамырда менің YouTube арнамда жаңа бейнебаянымның тұсаукесерінен қапы қалмаңыз".Димаш Құдайберген


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: