Димаштың туған күніне орай Перудегі жанкүйерлері балалар үйіне көмектесті

Димаштың туған күніне орай оның Перудегі жанкүйерлері жетім балаларға көмектесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 10:16 Сурет: dimashnews.com
Перудегі Dears жанкүйерлері Перу балаларына көмектесу үшін қайырым акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"La Ciudad de los niños" (Балалар қалашығы) үйінде ата-анасыз қалған және тамақ пен оқуға қаражаты жоқ мектеп жасындағы жасөспірімдер тәрбиеленеді. Фан-клубтар өздерінің ресми әлеуметтік желілері арқылы осы балалар үйі туралы ақпарат таратып, Dears мамыр айында осы мекемеге тікелей қайырым көмек жасай алған.

Фан-клубтардың әкімшілерінің айтуынша, бұл қайырым акциясына Димаштың үлгі көрсетуі мен оның балаларға деген шексіз сүйіспеншілігі шабыт берді. Нәтижесінде Перу фан-клубтары (Dimash Qudaibergen Peru World және Dimash Kudaibergen Peru Dears) балаларға көмек жобасын жүзеге асыру үшін бірігіп жұмыс істеген.

Сонымен қатар 20 мамырда перулік Димаш жанкүйерлері балалар үйіне тез бұзылмайтын азық-түлік те жеткізген. Бұл туралы Dimashnews.com жазды.


"Біз балалар қалашығына қаражат бөлген барлық Dears-ке алғыс айтқымыз келеді. Осы жобаға қосылғаныңыз үшін рақмет. Осылайша Перу балаларының әл-ауқатын жақсартуға ықпал еттіңіз. Біз сізге шын жүректен алғыс айтамыз", – деді Перу фан-клубының әкімшілері.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: