Димаш Құдайберген түскен D’R’S мангасының үшінші бөлімі шықты

Димаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2023 09:42 Сурет: dimashnews.com
21 шілдеде DimashManga ресми сайтында Димаш Құдайбергеннің қатысуымен D’R’S мангасының үшінші бөлімі жарияланды. Сиквел екі мүлдем жаңа форматта жасалған: ашық хаттар мен стикерлер, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаштың барлық жанкүйері ұнататын D’R’S хикаясының үшінші бөлімі Токиода басталады. Онда басты кейіпкер Юна күтпеген жерден геолокациясы бар жұмбақ хабарлама алады. Мұның бәрі бекер емес екенін түсінген ол саяхатқа шығуды ұйғарады.

Манганың жаңа тарауы мүлде жаңа форматта жасалған: басты кейіпкерлердің тарихы түрлі-түсті ашық хаттар мен стикерлер арқылы баяндалады. Жұмыс істеу барысында авторлар орындардың кәсіби әрі шынайы фотоларын пайдаланған.

Осылайша, DimashManga авторлары шығармада кеңістікте еркін қозғалудың мәнін беріп отыр және әр оқырманның қалаған жеріне баруға мүмкіндігі ашылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: